«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» — әрбір мұсылманға қажетті діни білімді сенімді дереккөздер арқылы үйрететін онлайн академия. Әбу Ханифа мәзһабы және Матуриди сенім мектебі негізінде.
OQI Academy діни білімін арттырғысы келетін әрбір мұсылманға арналған. Үйренуге ешқашан кеш емес.
Балалардың Құран мен дін негіздерін түсініп, дұрыс әрі жүйелі үйренуіне арналған сабақтар.
Заманауи сұрақтарға сенімді жауап, тәжуид қағидалары, намаз, ораза және күнделікті өмірге қажет діни білім.
Жүйелі бағдарлама арқылы әр жастағы адам өзіне ыңғайлы уақытта Құран мен ислам негіздерін меңгере алады.
Араб тілін білмесеңіз де уайымдамаңыз — барлық сабақ нөлден, түсінікті тілмен басталады.
Ихрам, тауап, сағи, дұғалар — ұмраға арналған толық практикалық дайындық курсы.
Ақида, иман шарттары, 40 парыз, көркем есімдер — терең діни ілім ізденушілер үшін.
Әр тақырып бойынша қысқа кіріспе сабақты тегін көре аласыз. Толық бағдарламаға қол жеткізу үшін платформаға тіркеліңіз.
Ерлерге арналған бес уақыт намазының сүннеті, парызы және үтір намазының толық үлгілері.
Әйелдерге арналған бес уақыт намазының сүннеті, парызы және үтір намазының толық үлгілері.
Ұмра қажылығының толық түсіндірмесі. Қадам-қадамымен, дұғаларымен және маңызды ескертулерімен.
Жүздеген оқушы OQI Academy арқылы Құран оқуды үйренді. Міне олардың кейбіреулерінің лебіздері.
«Әліппеден бастап үйрендім. 1 айда Құран оқуды меңгердім. Ұстаздың түсіндіруі өте сапалы әрі қарапайым».
«Намазды дұрыс оқуды үйрендім, тәжуид қағидаларын меңгердім. Енді отбасыммен бірге Құран оқимыз. Алла разы болсын!»
«Ұмраға дайындық курсы шынымен пайдалы болды. Ихрам, тауап, сағи — бәрі қадам-қадам түсіндірілген. Сенімді түрде ұмраға бардым».
Құран әліппесінен бастап, Ұмра сапарына қажетті білімге дейін — түсінікті, реттелген, нәтижелі оқу бағдарламалары.
Ұмра сапарына қажет негізгі үкімдер мен жиі қойылатын сұрақтарды бір курста үйреніңіз.
Әліппеден бастап, тәжуид пен қажетті дұғаларға дейін жүйелі түрде үйреніңіз.
Құран үйренуді жаңадан бастаушыларға
Ұмраға баруға дайындалып жүрген жандарға
Үйден шықпай оқу қалайтындарға
Жүйелі әрі түсінікті сабақ іздейтіндерге
Біз сізге лайық оқу бағытын таңдауға көмектесеміз.
Курс бағдарламасы, бағасы, кестесі — бәрін толық түсіндіріп береміз. Тегін кеңес, ешқандай міндеттемесіз.
Бір минутта сізге жауап береміз. Хабарлама алдын ала дайын — тек «Жіберу» түймесін бас.
WhatsApp-та жазуБіз ең жиі қойылатын сұрақтарды жинадық. Жауап таппасаңыз — бізге жазыңыз, көмектесеміз.
Бізге жазуЖоқ. Сабақтар әліппеден басталады. Араб тілін білмейтін кез келген адам оқу бағдарламасы арқылы Құран оқуды үйрене алады.
Аптасына 5 күн тұрақты оқысаңыз — шамамен 1 айда. Аптасына 2–3 күн — шамамен 2 айда. Күнделікті жеке дайындықпен — орта есеппен 20 күнде Құранға түсуге болады.
Сабақтар онлайн форматта бейнесабақтар және практикалық тапсырмалар арқылы жүргізіледі. Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта білім ала алады.
Иә. Сабақтарды телефон, планшет немесе компьютер арқылы кез келген жерде оқи аласыз.
Сабақ жазбалары сақталады. Қалаған уақытта қайта қарап, жіберіп алған тақырыптарды толық меңгере аласыз.
Иә. Қажет болған жағдайда жеке сабақтар мен жеке тәлімгерлік бағдарламалары ұсынылады.
Иә. Ұмраға арнайы курс бар. Онда ихрам, тауап, сағи, дұғалар және жиі қойылатын сұрақтар толық түсіндіріледі.
Барлық сабақтар дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабы және Матуриди сенім мектебі негізінде дайындалған.
Құран Кәрімді дұрыс оқуды, тәжуид қағидаларын, намаз бен дәретті, күнделікті дұғаларды және мұсылманға қажетті негізгі діни білімдерді меңгересіз.
Иә. Күнделікті өмірде кездесетін өзекті діни мәселелерге сенімді дереккөздер негізінде жауаптар ұсынылады.