OQI Academy · Онлайн платформа

Құраннан басталатын
білім жолы

«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» — әрбір мұсылманға қажетті діни білімді сенімді дереккөздер арқылы үйрететін онлайн академия. Әбу Ханифа мәзһабы және Матуриди сенім мектебі негізінде.

10+жыл тәжірибе
1000+дайын шәкірт
20 күнҚұранға түсу
Мешіт
Дәстүрлі ілім ҚМДБ мақұлдаған бағдарлама
Неліктен OQI Academy

Сенімнің сандармен дәлелі

0 жыл тәжірибе
۞
0 дайын қари-шәкірт
0 Құранға түсу
24/7 қолжетімділік
Білім, сенім және мақұлдау
۞ ҚМДБ мақұлдаған
⌖ Дар әл-Арқам медресесі
✦ Селчук университеті
☪ Әбу Ханифа мәзһабы
۝ Матуриди сенімі
★ Нежметтин Ербакан университеті
۞ ҚМДБ мақұлдаған
⌖ Дар әл-Арқам медресесі
✦ Селчук университеті
☪ Әбу Ханифа мәзһабы
۝ Матуриди сенімі
★ Нежметтин Ербакан университеті
Кімдерге арналған

Білім — жасқа да, кәсіпке де қарамайды

OQI Academy діни білімін арттырғысы келетін әрбір мұсылманға арналған. Үйренуге ешқашан кеш емес.

۝

Балаларға

Білімге бастар алғашқы қадам

Балалардың Құран мен дін негіздерін түсініп, дұрыс әрі жүйелі үйренуіне арналған сабақтар.

Жастарға

Заманауи сұрақтарға сенімді жауап, тәжуид қағидалары, намаз, ораза және күнделікті өмірге қажет діни білім.

Ересектерге

Жүйелі бағдарлама арқылы әр жастағы адам өзіне ыңғайлы уақытта Құран мен ислам негіздерін меңгере алады.

Жаңа бастаушыларға

Араб тілін білмесеңіз де уайымдамаңыз — барлық сабақ нөлден, түсінікті тілмен басталады.

Ұмраға дайындалушыларға

Ихрам, тауап, сағи, дұғалар — ұмраға арналған толық практикалық дайындық курсы.

۞

Білімін тереңдеткісі келетіндерге

Ақида, иман шарттары, 40 парыз, көркем есімдер — терең діни ілім ізденушілер үшін.

Майлан Ықыласхан
۞ OQI
Курс авторы

Майлан Ықыласхан Майланұлы

Қари · Қажы · Теолог · Педагог

«Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры және OQI Academy платформасының негізін қалаушы.

10+жыл тәжірибе
1000+дайын шәкірт
3кітап авторы
Білімі, еңбектері, ғылыми ізденісі
Тегін сабақтар

Алдын ала қарап, үйренуді бастаңыз

Әр тақырып бойынша қысқа кіріспе сабақты тегін көре аласыз. Толық бағдарламаға қол жеткізу үшін платформаға тіркеліңіз.

Ерлер

Ерлерге арналған намаз оқу үлгілері

Ерлерге арналған бес уақыт намазының сүннеті, парызы және үтір намазының толық үлгілері.

11 сабақ·5 намаз
Әйелдер

Әйелдерге арналған намаз оқу үлгілері

Әйелдерге арналған бес уақыт намазының сүннеті, парызы және үтір намазының толық үлгілері.

11 сабақ·5 намаз
Ұмра

Ұмра қажылығы

Ұмра қажылығының толық түсіндірмесі. Қадам-қадамымен, дұғаларымен және маңызды ескертулерімен.

2 сабақ·дайындық + қажылық
Шәкірттердің пікірлері

Олар не дейді

Жүздеген оқушы OQI Academy арқылы Құран оқуды үйренді. Міне олардың кейбіреулерінің лебіздері.

★★★★★

«Әліппеден бастап үйрендім. 1 айда Құран оқуды меңгердім. Ұстаздың түсіндіруі өте сапалы әрі қарапайым».

А
Айдана Сериккызы Алматы · 28 жас
★★★★★

«Ұмраға дайындық курсы шынымен пайдалы болды. Ихрам, тауап, сағи — бәрі қадам-қадам түсіндірілген. Сенімді түрде ұмраға бардым».

Г
Гүлнар Қанатқызы Шымкент · 42 жас
OQI Academy · Курстар

Білімге бастайтын жүйелі онлайн курстар

Құран әліппесінен бастап, Ұмра сапарына қажетті білімге дейін — түсінікті, реттелген, нәтижелі оқу бағдарламалары.

✦ Тікелей сабақтар ✦ Сабақ жазбалары ✦ Ыңғайлы баға
Ұмра курсы

Ұмраға толық дайындық

Ұмра сапарына қажет негізгі үкімдер мен жиі қойылатын сұрақтарды бір курста үйреніңіз.

  • ✓ Әйелдерге қатысты үкімдер
  • ✓ Ұмра сұрақтары — 1-бөлім
  • ✓ Ұмра сұрақтары — 2-бөлім
  • ✓ Иғтикаф дегеніміз не?
Толық пакет 6 900 ₸
Жеке сабақ 2 000 ₸
📖 4 сабақ·🛡 Толық пакет
Жазылу
Құран курсы

Құран әліппесі сабақтары

Әліппеден бастап, тәжуид пен қажетті дұғаларға дейін жүйелі түрде үйреніңіз.

  • ✓ Құранға дейінгі бөлім
  • ✓ Тәжуид ережелері
  • ✓ Дұғалар және қосымша сабақтар
  • ✓ Қадам-қадам оқу форматы
Толық пакет 7 900 ₸
Әр бөлім 5 000 ₸
📖 2 бөлім·🛡 Толық пакет
Жазылу

Бұл курстар кімдерге арналған?

📖

Құран үйренуді жаңадан бастаушыларға

🕋

Ұмраға баруға дайындалып жүрген жандарға

🏠

Үйден шықпай оқу қалайтындарға

Жүйелі әрі түсінікті сабақ іздейтіндерге

Қай курстан бастау керегін білмейсіз бе?

Біз сізге лайық оқу бағытын таңдауға көмектесеміз.

Кеңес алу →
Курс туралы толығырақ

Сұрағыңыз бар ма? Бізге WhatsApp-та жазыңыз

Курс бағдарламасы, бағасы, кестесі — бәрін толық түсіндіріп береміз. Тегін кеңес, ешқандай міндеттемесіз.

  • ✓ Тегін кеңес және жауап
  • ✓ Курстың толық бағдарламасы
  • ✓ Сізге қолайлы уақытта хабарласу
Жиі қойылатын сұрақтар

Сізде сұрақ бар ма?

Біз ең жиі қойылатын сұрақтарды жинадық. Жауап таппасаңыз — бізге жазыңыз, көмектесеміз.

Бізге жазу
Құран оқуды үйрену үшін араб тілін білу керек пе?

Жоқ. Сабақтар әліппеден басталады. Араб тілін білмейтін кез келген адам оқу бағдарламасы арқылы Құран оқуды үйрене алады.

Құран оқуды қанша уақытта үйренуге болады?

Аптасына 5 күн тұрақты оқысаңыз — шамамен 1 айда. Аптасына 2–3 күн — шамамен 2 айда. Күнделікті жеке дайындықпен — орта есеппен 20 күнде Құранға түсуге болады.

Сабақтар қалай өтеді?

Сабақтар онлайн форматта бейнесабақтар және практикалық тапсырмалар арқылы жүргізіледі. Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта білім ала алады.

Сабақтарды телефон арқылы оқуға бола ма?

Иә. Сабақтарды телефон, планшет немесе компьютер арқылы кез келген жерде оқи аласыз.

Сабақты өткізіп алсам не болады?

Сабақ жазбалары сақталады. Қалаған уақытта қайта қарап, жіберіп алған тақырыптарды толық меңгере аласыз.

Жеке оқуға мүмкіндік бар ма?

Иә. Қажет болған жағдайда жеке сабақтар мен жеке тәлімгерлік бағдарламалары ұсынылады.

Ұмраға дайындық сабақтары бар ма?

Иә. Ұмраға арнайы курс бар. Онда ихрам, тауап, сағи, дұғалар және жиі қойылатын сұрақтар толық түсіндіріледі.

Сабақтар қай мәзһаб негізінде жүргізіледі?

Барлық сабақтар дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабы және Матуриди сенім мектебі негізінде дайындалған.

Сабақтарды аяқтағаннан кейін қандай білім аламын?

Құран Кәрімді дұрыс оқуды, тәжуид қағидаларын, намаз бен дәретті, күнделікті дұғаларды және мұсылманға қажетті негізгі діни білімдерді меңгересіз.

Заманауи діни сұрақтарға жауап бар ма?

Иә. Күнделікті өмірде кездесетін өзекті діни мәселелерге сенімді дереккөздер негізінде жауаптар ұсынылады.